АУДАН ӘКІМІ МАЙДАНТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

161

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бекітілген кестеге сәйкес, Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Кездесуді Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов ашып, жүргізіп отырды.

Аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы ауыл тұрғындарының алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелері бойынша жеке дара тоқталып, атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Сонымен бірге ауылдық округі бойынша бүгінгі таңға атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті. Бұдан бөлек, алдағы 2024 жылға аудандық бюджетке ауылдық округтегі өзекті мәселелерді енгізу бойынша ұсыныс пікірлері жүзеге асатынын жеткізді.

Ауыл тұрғындары тарапынан су жиналатын Тоғанның мәселесі бұған дейін де көтерілгенін айтып, ағын судың жоқтығын, тас арықтар ескірген, соларды жаңартуын сұранды. Сонымен бірге табиғи газ мәселесін алға тартып, елді мекен ішіне бейне бақылау камералар, бағдаршам орнатылса деген ұсыныстарын жеткізді. Егіз қара елді мекеніне жол салу, электр жарығы бойынша мәселе де айтылды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша аудан әкімі Мақсат Таңғатаров тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, шешу жолдарын қарастырды. Жиын соңында аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке сұрақтарына назар аударып, айтылған мәселелерді зерделеп, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.