Мейірім, қолдау, шыдамдылық. Ерекше жандар неге мұқтаж?

62

Ерекше жандардың физиологиялық қажеттіліктерімен қоса психологиялық мұқтаждығы бар екенін ұмытпаған жөн. Ерекше балалардың ата-аналарына қандай көмек керек? Осы және өзге де мәліметтерді Түркістан облысының назарына ұсынамыз. Ерекше тұлға — интеллектуалдық бұзылысы бар тұлға. Ол туа не жүре пайда болатын бұзылыстар болуы мүмкін. Тұлғада интеллектуалдық бұзылыстар болған кезде қоғамға бейімделу өте қиын. Психолог Анаргүл Мәулиқызының айтуынша, адам баласының денсаулығында шектеу болған кезде іштегі қорқыныш өте жоғары деңгейде болады. Сондықтан қоғамның жылы көзқарасы, мейірімі, қабылдауы өте қажет. Ол отбасының ішінде, оқу ордасында болсын, балаға жылы қарым-қатынас қажет. Адам баласында шектеулер болған кезде кедергілер көп сияқты көрінеді. Инклюзивті бағыт — кедергілерді алып тастауға көмектесетін басты бағыттардың бірі. Әрбір адам өмір сүруге, білім алуға құқылы болғандықтан, ешкімді алалаудың қажеті жоқ. Тек ерекше адамдар әлемді шынайы қабылдамай жатады. Осы жағынан ғана айырмашылық бар. Адамда қандай айырмашылық болмасын, оны сау сияқты қабылдап үйренуіміз керек.

Маманның айтуынша, адамдар сыртқы келбеті мен психологиялық тұрғыда ғана ерекшеленеді. Интеллектісі сақталған, тірек-қимылы бұзылған жандар бар. Қоғамда қозғалысына кедергілер болғандықтан, адамдармен араласуда шектеулер болады. Осы жағынан өзіне деген сенімсіздік, өмірден түңілу де болады. Алайда олардың ішкі жігері мықты адамдар. Өзінің сүйікті ісін тауып, өзін тауып жатыр. Адамға қанша дегенмен қолдау керек. Қазір технология заманы, интернет арқылы көп дүниеге қол жеткізе алады. Ең бастысы — оның жалғыз емес екеніне көзін жеткізу. Сол себепті жақындары тарапынан көрсетілетін қолдау өте маңызды. Қиын болған сәттерде тәжірибелі психологтарға жүгіну керек. Қабылдау уақытылы болса, баланың сауығуы да жақсы болады. Қабылдау оңай емес. Көп ата-ана бұл «неге менімен?, неге болды?» деген сұрақтың астында қалады. Бұл жағдайда «менің қолымнан не келеді?» деген сұраққа жауап іздеу керек. Көп әке-шеше өздері мен баласын аяйды. Одан ұялғаннан не күйінгеннен де қабылдау ұзаққа созылуы мүмкін