«АСАРЛЫҚТАР» ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

22

Бүгін Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы ұйымдастырылуда. Оған қаланың солтүстік аумағында орналасқан Асар шағын ауданынының тұрғындары да белсенділік таныттып, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» идеясын қолдайтындықтарын көрсетті.
Асар шағын ауданы қаланың шеткі аумақтарының бірі. Мұнда тұрғындар үшін 2 демалыс аймағы және көшелерде сәндік ағаштар мен гүлзарлар арнайы мекеме қызметкерлерінің күнделікті қадағалауында.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға 200-ден аса Асарлық тұрғындар арнайы мемкеме қызметкерлерімен қосылып шағын аудандағы орталық аллеяның және көше бойын тазалап, тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.
«Осындай қоғамдық іс-шараларға бүкіл отбасымызбен бірге қатысып, аулалардың тазалығына, қаламыздың тазалығына үнемі атсалысып келеміз. Өзімізбен бірге немерелерді де тазалыққа баулудамыз. Өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсету әрбір ата-әженің міндеті, бүгін де екі немереммен бірге тазалық акциясына қатысып отырмыз» дейді бүгінгі іс шараға немерелерімен бірге қатысқан Асарлық тұрғын Ұлбосын Айтқұлова.
Тұрғындар аллеядағы гүлдердің арам шөптерін отады, ағаштарды бұтап, түптерін әктеді.
Мемлекет басшысының бастамасымен сәуір айынан бастап Асар шағын ауданында бірнеше рет тазалық акциясы ұйымдастырылды. Оған тұрғындар белсенді қатысып келеді. Бұл акцияның мақсаты тек тазалық жұмыстарын жүргізу ғана емес, тұрғындардың тазалық мәдениетін де насихаттау. Біз аудандық ардагерлер кеңесі әр іс шарада осыны насихаттап келеміз дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұлықпан Башенов.
Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет.