ЖЕТІСАЙДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

77
Жетісай ауданында Наурызнама онкүндігі аясында «Наурыз – мейірімділік мерекесі» аталып өтті. «Үміт ұясы» оңалту орталығында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков қатысып, бүлдіршіндерге сый-сияпат жасады. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, салт-дәстүрлерден көріністер қойылды. Бүгінгі таңда орталықта 40-қа тарта бүлдіршінмен 21 маман жұмыс жүргізеді.Мерекелік шара соңында қаржылай және заттай демеушілік жасаған азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Олар мейірімді, көзқарастары, ой-тұжырымдары, түйсіктері бөлек. Бойдағы күш-жігер, іштегі бұлқыныс оларды өмірді ынта-шынтасымен сүюге жетелейді. Табиғатынан талантты, талапты жандардың бұл тобы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Елімізде оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, кедергісіз орта қалыптастыруға жағдай жасалған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек», деп ерекше күтімді қажет ететін жандарға ыңғайлы орта қалыптас­тыру қажеттігін тапсырды.
Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 695 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, олардың 95 мыңы – балалар. Бұл көрсеткіш жыл сайын 3-4%-ға өсіп отыр. Қорқынышты көрсеткіштің алдыңғы үштігінде Түркістан, Алматы, Қарағанды өңірлері тұр. Он екі мүшесінде ақау болғанымен, қалыпты жағдайда өмір сүруге бейім тұлғаларды бүгінде кез келген салада кездестіруге болады. Ел қатарлы еңбек етіп, кәсібінен нәсібін тауып отырғандары қаншама. Білімді де білікті мамандар қатарын толықтырып жүрген жандар да жетерлік. Яғни, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктер ауқымы артып, әлеуметтік жәрдемақылары да өскен. Кенді аймақта да мүмкіндігі шектеулі жандарды мұңайтпас үшін, оларға қолдан келгенше қолдау көрсетілуде. Бүгінде аймақта мүгедектігі бар 55 мың 396 адам бар. Жалпы халық санының 4,9%-ын құрайды. Оның 4 мың 834-і – 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Биыл әлеуметтік осал топ өкілдерін әлеуметтік қолдауға облыс бюджетінен 476 млн. теңге бөлінді. Қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында 2021 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы оңалту құралдарына тапсырыс беру мүмкіндігін де қарастырып қойған. Бұл порталдың қызметіне бүгінде 10206 адам жүгінеді.