«SHymkentcity» тұрғын үйінің сапасы жөніндегі мәселелер талқыланды

706

«SHYMKENTCITY» шағынауданындағы көп қабатты №1-21 тұрғын үйдің сапасы жөнінде тұрғындар өз өтініштерін қалдырған болатын.

Аталған мәселені шешу мақсатындаШымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұловтың ұйымдастыруымен құзырлы мекемелермен бірлесе арнайы жұмысшы топ құрылып, көп қабатты тұрын үйлердегі орын алған техникалық ахуалдар зерделеніп, акт түзілді. Түзілген акт Шымкент қаласы құрылыс басқармасына және көп қабатты үйлер құрылысына жауапты мердігер мекелерге (ахау актісі) реттеуге жолданған болатын.

Нәтижесінде Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов, қалалық құрылыс басқармасы басшысы Ә.Рабаевпен бірге жұмысшы топтың жұмыс барысымен зерделеу мақсатында шағынаудан тұрғындарымен және мердігер мекемелермен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындармен талқыланған өзекті мәселелердің шешімін табу бойынша мердігер мекемелерге тапсырмалар берілді.

Еске сала кетйік, «SHYMKENTCITY» шағынауданының жалпы алаңы 24,5 га құрайды. Көп қабатты үйлер саны — 37 (2338 пәтер, 203,9 мың. ш.м). Оның ішінде кредиттік тұрғын үй саны -18(1240 пәтер, 119,4 мың ш.м.), арендалық тұрғын үй саны-19(1098 пәтер, 84,5 мың ш.м.).

Мердігер мекемелер: «КазМедеоГранд» ЖШС, «ЮгСтройСервис-Н» ЖШС , «КорпорацияСитиСтрой» ЖШС, «Арт курылыс» ЖШС, «Отау строй» ЖШС, № 1-2 үй «Отау строй» ЖШС, «Kanfar Building» ЖШС , «КазМедеоГранд» ЖШС, «ШымкентСтрой» ЖШС , «ЮгСтройСервисН» ЖШС, «Заманауи құрылыс бұйымдары» ЖШС, «АқЖол» ЖШС, «Заманауи құрылыс бұйымдары» ЖШС.