КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

569

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Аталған жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Қожабаев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардан, сонымен қатар аталған саладағы жобалық тәсілдің даму жағдайынан хабардар етті.
«Жобалық басқаруды енгізу мемлекеттік басқару саласының жаңа тренді болып табылады. Бүгінде мемлекеттік басқару органдарында жобалық басқаруды енгізудің кешенді тәсілін қалыптастыру қажет. Мемлекеттік қызметшілер менталитетін өзгерту, олардың жұмысын нәтижеге бағдарлану форматына көшіру, оған қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік, әріптестік және жобаларды іске асыруға барлық мүдделі тараптарды тарту қажеттігі негізделген» деп атап өтті спикер.
Жобалық басқаруды жүзеге асыру тетіктері нормативтік тұрғыдан бекітіліп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші блогын іске асыруға жауапты болып анықталып, оны іске асыру әрбір мемлекеттік органның және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қамтиды.
ҮББ-4 мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс арқылы жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша үлгілік базалық бағытты енгізу нәтижелері қаралып, жауапты орындаушыларға жобаның міндеттері шеңберінде белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, осы бағыттағы жұмысты жандандыру тапсырылды.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk