КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА САРАПХАНА АУЫЛЫНДА «ЗАТ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРҒА МЕРЕКЕЛІК ТАРТУ БОЛДЫ.

228

 

Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы келіп, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Бала тәрбиесін, балабақшаның балаға ықпалын тілге тиек етіп, жиналған жұртшылыққа ізгі тілегін арнады. Бүгін 200 орындық нысанның халық игілігіне берілуі бала тәрбиесіне үлкен қолдау берері анық. Балдырғандарды елін сүюге, қазақ тілін қадір тұтуға үйрету маңызды», – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Балабақшаның құрылтайшысы Азамат Момбеков мекемеде 8 топ жұмыс жасайтынын, балалар қазақ тілінде тәрбиеленетінін жеткізді.

«Ғимарат типтік негізде бой көтерген. Жылу жүйесі автономдық. Балаларға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Бөбекжайға балаларды 1 жастан қабылдай береміз. Білікті мамандарымыз да, қажетті құрал-жабдықтарымыз да жеткілікті. 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтыдық. Жалпы алдағы уақытта барлығы 60 адамды жұмыспен қамтымақпыз», – дейді құрылтайшы.