“АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ…”

521

Шымкент қаласы үшінші мегаполис ретінде әр сала бойынша дамуда. Қалаға қарасты бірнеше іргелес елді мекендер бар. Тек, өндіріс, өнеркәсіп саласынан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында да айтарлықтай жұмыс бар. Біз ауыл шаруашылығының қандай бағытта дамып жатқаны жайлы Шымкент қалалық ауал шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Абунасыр Шарипуллаұлы Жанбатыровпен сұхбаттасқан едік. Сұрақ: Абунасыр Шарифуллаұлы алғпшқы әңгімені Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылық басқармасы тарапынан 2022 жылдың

7 айында атқарылған жұмыстар жайлы не айтасыз?

 Жауап: Шымкент қаласында биыл  жылы  жоспарланған   30,0 мың   га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егілді.

Оның ішінде дәнді дақыл- 12,9 мың га, майлы дақыл-   3,6 мың га, мал азықтық- 9,6 мың га, көкөніс пен бақша- 3,4 мың га, картоп – 0,5 мың га. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 0,7 мың га артық.

Аталған егіс көлемінен 90,1 мың тонна өнім алу жоспарланып, бүгінгі таңда, 90,3 мың тонна өнім жиналды. Оның 20,1 мың тоннасы дәнді дақыл, 3,2 мың тонна майлы дақыл, 48,2 мың тоннасы көкөніс, бақша, 3,1 мың тонна картоп дақылдары мен 15,7 мың тоннасы мал азықтық дақылдар.

Егіс жинау науқаны жалғасуда.

Сұрақ: Шымкентте жылыжай салу ісі қандай деңгейде жүпуле?

Жауап: Сонымен қатар өнеркәсіптік үлгідегі 25 га жылыжай кешені жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде («Отан Agro» ЖШС — 10 га, «Қарқын-2030» ЖШС- 5 га, «Байтана Агро» ЖШС — 5 га, «Керемет сапа» ЖШС – 5 га).

Сұрақ: Шымкент қаласы ет өндірумен де айналысады. Мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ет, жұмыртқа экспорттауда қандай табыс тауып отырсыздар!

Жауап: Мал шаруашылығында жалпы құны 10,6 млн. теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, 229 жұмыс орынын жаңадан ашу жоспарлануда.

Есепті кезеңде, 5,8 мың тонна ет, 32,4 мың тонна сүт және 80,3 млн дана жұмыртқа өндірілді.

Нәтижесінде, 7 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 21,6 млрд теңгені құрады (Жылдық жоспар – 44,0 млрд. теңге).

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі                132,9 млн. АҚШ долларын құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,4 млн. АҚШ долларына артты (Жылдық жоспар – 309,7 млрд. АҚШ доллар).

Сұрақ:  Инвестиция тартуда қандай игілікті істер бар? Қандай жобалао жүзеге асты, алда қандай тың жобалар пайдалануға берілмек?

Жауап: Салада 6,6 мың адам жұмыс жасап, 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 млн. 366 мың. тг. құрады (Жылдық жоспар – 4,5 млн теңге).

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі қаңтар-шілде аралығында 1,5 млрд. теңгені құрады (Жылдық жоспар – 6,4 млрд. теңге, 8ай-2,6 млрд тг).

Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның көлемі  қаңтар-шілде   аралығында 4,2 млрд. теңгені құрады (Жылдық жоспар – 5,2 млрд. теңге, 8ай-2,5 млрд тг).

Жоғарыда аталған индикаторларды толықтай орындау мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылдың соңына дейін құны 11,0 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны іске асыру жоспарлануда:

— көлемі 20 га  құрайтын өнеркәсіптік 2 жылыжай кешені («Отан Agro» ЖШС — 10 га, «Байтана Агро» ЖШС — 5 га);

— құны 996,0 млн тг құрайтын 2 құс фермасының қуаттылығы артады(«Санжар» ШҚ, «Тассай құс» ЖШС);

— қуаттылығы 5,0 мың тонналық 1 бройлер етін шығаратын кәсіпорын(«Shagyr Agro Group» ЖШС);

— 1300 бастық 5 тауарлы сүт фермасы («Рахат Агро» ШҚ, «AGR Global Trade» ЖШС, ЖК «Эгамназаров», АӨК «Шымкент сүт KZ», ЖК «Халвашиков Достан»)

— сүтті және жеміс/көкөністі қайта өңдейтін жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба («Кемран» ЖШС, «Дони LTD» ЖШС, «Керемет Сапа» ЖШС, «Алтын май корпорация» ЖШС) іске асырылып, жаңадан 274 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, жалпы құны 8,0 млрд. теңгені құрайтын   5 көкөніс сақтау қоймасы («Керемет Сапа» ЖШС, «Gramad Retail» ЖШС, «ЮжСтройСервис» ЖШС, ТОО «Kazakhstan Logistics Group», ТОО «DELTA OIL») және жалпы ауданы 18 га құрайтын сауда логистикалық орталығын құру («Дельта Ойл») жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2 индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде.

Біріншісі,  жеке «Тепличный рай»  агро индустриялық аймағының 1 кезеңінде  9,8 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асады, қазіргі таңда 2 жобаның құрылыс жұмыстары   басталды (Байтана Агро ЖШС, Отан Агро ЖШС).

Екіншісі, «Бозарық» тамақ — индустриялық аймағында  жалпы құны 8,7 млрд. тг. құрайтын 7 жобаны іске асыру жоспарланып, қазіргі таңда инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде ұлттық жоба негізінде бекітілген индикаторлар орындалатын болады.

 Сұрақ: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша қандай шаралар атқарылуда?

Жауап: Кәсіпкерлік субъектілеріне айналымға қарыз қаражат беру;

➢ Әлеуметтік сауда дүкендерінің санын ұлғайту;

➢ Азық-түлік жәрмеңкелерін тұрақты түрде ұйымдастыру.

Өңірлік тұрақтандыру қорына жалпы 7,7 млрд.теңге қаралып, ірі сауда желілеріне және жергілікті тауар өндірушілеріне 7 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілді.

Келісім-шарттар негізінде, 40-қа жуық сауда желілерімен әлеуметтік дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген бағада сатылуда.

Жергілікті тауар өндірушілердің және шаруа қожалықтардың қатысуымен апта сайын қаланың 4 жерінде тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тауарлар бөлшек бағасы тұтыну нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылуда.

Бұдан бөлек, жергілікті ұн өндіруші кәсіпорындар «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы бекітілген бағада (90 тг/кг) ай сайын бидаймен қамтамасыз етілуде.

Аталған шаралар бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстап тұруға бағытталған, жалпы 1800-ге жуық                   азық-түлік нысандарында қалыпты бөлке нанның бағасы                                  90 теңгеден/данасы сатылуда.

Сондай-ақ, қант нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты, «Магнум» сауда желісінің 1 000 тоннаға және «Грамад» 1 700 тоннаға келісім-шарт бар.

Ішкі нарықта құмшекердің тапшылығын болдырмау және бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры аясында «Magnum Cash&Carry» және «GraMad» сауда желілерінде 480 теңгеден сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, ірі азық-түлік сауда желілеріне және базарларға             «Каис Инвест» қант орталығынан 480 теңгеден күнделікті 20 тоннадан, сонымен қатар өндіруші кәспорындарға 30 тоннадан босатылуда.

Бұдан бөлек, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы               300 тоннаға келісім-шарт түзіліп, құмшекердің тиісті көлемі сауда желілеріне босатылуда.

Қосымша, «Көксу» қант зауыты арқылы 544 тоннаға өтінім ұсынылды (Грамад, Магнум, Фиркан).

Сауда желілерде құмшекердің шекті сауда үстемесі 15 пайыз деңгейінде сатылуда.

Алайда, құмшекер тапшылығын және спекуляцияны болдырмау мақсатында, тұтынушыларға (базарда әр адамға 3 кг-нан, сауда желісінде 2 кг-нан артық емес) шектеу қойылған.

Құмшекер бағасының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған үй жанындағы дүкендерден бірқатар бұзушылықтар анықталып, 3 дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.

Тексеру нәтижесі қосымша баяндалады.

Шымкент қаласының халқы бір жылда жалпы 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады.

Шымкент қаласы негізгі азық-түлік тауарларымен қамту үлесі тиісті деңгейде және тұрақтандыру қорынан өзге қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын кәсіпорындар («Шымкент май» АҚ, «Алтын Дән» ЖШС, «Барыс-2007» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС және т.б.) қамтып келеді.

Атап айтқанда, ұн, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасы қаланы толығымен 100% қамтамасыз етеді.

Ұн, макарон өнімдерінің қамту үлесі жоғары болғанымен, шикізат (бидай) өнімі Еліміздің Солтүстік өңірлеріне үлкен тәуелділік бар.

Бұдан бөлек, қала аумағына өзге өңірлерден немесе алыс-жақын шет мемлекеттерден тасымалданатын азық-түлік қорларын ірі дистрибьютерлік желілер («Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, «Прима Дистрибьюшн» ЖШС, «Асан» ЖШС және т.б) қамтамасыз етіп отыр.

Күріш, құмшекер, қарақұмық жармасы, ас тұзы Ресей Федерациясы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының өндірушілеріне тікелей тәуелді.

Тауық еті бойынша қаланың қамту үлесі 40% құрап, қосымша қажеттілік АҚШ, Белоруссия мемлекеттерінен және Алматы қаласы мен Түркістан облысынан жеткізіледі, ал сиыр еті бойынша қала өзін                 65% қамтамасыз етіп, қосымша қажеттілік Түркістан облысынан тасымалданады.

Сүт, сүзбе өнімдерінің қамту үлесі орта есеппен 40% құрап, қосымша қажеттілік Солтүстік өңірлерден және Түркістан облысынан тасымалданады.

Сондай-ақ, көкөніс өнімдері Өзбекстан Республикасы, Жамбыл, Түркістан облыстарынан және Павлодар қаласынан тасымалданып, жергілікті қамту үлесі 10-15% шамасында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті баға тұрақты бақылауда.

-Абунасыр Шарифуллаұлы ашық-жарқын сұхбатыңызға көп рахмет.

Сұхбаттасқан Ақнұр Шерімова,

“ARA-ақпарат”