ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600-ге ЖУЫҚ БАЛАҒА МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

371

 

Тегінде, қазақ халқы күш-қауқары жеткенше жесірі мен жетімін қорғауға тырысқан. Осы ұлағатты ұстаным ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінде тәуелсіз еліміздің тұрақты әрі салихалы саясатына айналып отыр.

Бүгін Түлкбас ауданына қарасты Састөбе кентінде Ата Заңымыз Конституция күніне орай, Шерхан Мұртаза атындағы WAQF қайырымдылық қоры мен «Састөбе Цемент» зауытының басшылығының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы жалғасын тапты. Бұл жерде жомарт жанды азаматтар жалпы сомасы 6 млн. теңгеден астам қаржыға 172 балаға мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман(канцилярлық заттар) үлестірді.

Мерекелік жиынға қайырымдылық шараға ұйытқы болған Қазақстан халқы Ассамблеясыңың Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қордың төрағасы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Қ.Айтбай, аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, Састөбе цемент зауытының басшылық құрамы, аудандық адами әлеуетті басқару бөлімінің басшысы Е.Қадырбек, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.

Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов сөз сөйлеп, жиналған қауымды бүгінгі мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, Ербол Керімбекұлы осындай игі шараға мұрындық болып отырған Айтбай Қайрат Орынбайұлы мен зауыт басшылығына аудан халқы және өз атынан алғысын білдіріп аудан әкімі Нұрлан Байғұттың құттықтауын жеткізіп, Алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ, мұқтаж жандарға қол ұшын созған азаматтарға кент әкімі мен ауыл тұрғындары да ыстық лебіздері мен алғыстарын жеткізіп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.

Айта кетерлік, Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қоры мен Састөбе цемент зауыты аудан аумағындағы көптеген игі шараларға мұрындық болып келеді. Яғни, мектеп кітапханалары, АКТ және спорт залдарын қажетті жабдықтармен жабдықтап, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ауыл аймақтарда спорт алаңдарын көтеріп, киелі орындарды жаңғыртуға, мешіттер соғуға демеушілік көрсетуде.

Бүгінде Түлкібас ауданында мұқтаж және асыраушысынан айырылған отбасы мен көпбалалы отбасындағы балаларды мектепке даярлау мақсатында 600-ге жуық оқушыға кәсіпкерлер, мекеме басшылары, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан демеушілік қолдау көрсетіліп отыр.