ҚАДІРЛІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

271

Бұл тарихи күн әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Ата Заңымыз біздің әрқайсымыз үшін Қазақстан халқы бірлігінің символы, өңірдің және бүкіл еліміздің одан әрі тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі болып қала береді.

Тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып қайта жаңғырған қазақ мемлекеттілігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Ал егемен еліміздің еңсерген асулары мемлекеттің басты құжатымен етене байланысты.

Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Тиімді құқықтық жүйе орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік.

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиуция күнінде баршаңызды тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке тілеймін! Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата Заңымыз айбарлы болсын.
Құрметпен: Аңсар Өсербаев, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы