ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ-АТА ЗАҢ

599


Қазақстан халқының айбыны болған Ата заңымыз Конституция күнімен баршаңызды құттықтаймын!
Қоғамның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, әлем елдерімен терезесі теңесіп, әлемдік қауымдастықта бірлігі бекем ел ретінде биік белесті бағындырғанымыз бәріміз үшін де зор мақтаныш, үлкен мәртебе. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ арттырып отырған Қазақстан халқының ауызбіршілігі мен татулығы арта бергей! Жаңарған, жаңғырған Қазақстанның жарқын болашағы үшін ұлт болып ұйысып, татулықпен тұрмыс кешіп отырған баршаңызды татулықтың тұғыры болған Ата заң 30 тамыз Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңарған, жаңғырған Қазақстанның жасампаз ұрпағы жасай берсін!
Ізетпен:
Эльмира Жанғазиева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ”Қоғамдық келісім” КММ басшысы