ЕЛДІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН РЕФЕРЕНДУМ БОЛДЫ

Жаңа Конституция қазақ қоғамына жаңа бетбұрыс әкелеріне ел сенеді. Сенгендігі болар, бүгінгі референдумға ешкім бей-жай қараған жоқ. Ел болып талқыға салдық. Таразыладық. Әркім өз ұсыныс-пікірін жеткізді. Мемлекет басшысының бағыт-бағдарына сенгенген ел — бүгінгі референдумға көп болып үн қосты. Өз таңдауын жасады. Ешкім шет қалмады. Әсіресе, ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білдік. Қазақ жеріне кіндігі байланған этнос өкілдері өз үндерін қосиы. Түркістан облысы ҚХА мүшелері мен түрлі этномәдени бірлестік мүшелері референдумға қатысуда ерекше белсенділік байқатты. Шын қуандық. Нәтиже көңіл қуантты. Дауыс беру аяқталған тұста Түркістан облысы сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев қазіргі алдын-ала есеп бойынша жақсы жаңалықпен бөлісті.
Оңстүстік өңірде республикалық референдум өз мәресіне жетті. Түркістан облысының тұрғындары саяси науқанда ерекше ауызбіршілік танытып, дауыс беру көрсеткіші бойынша республикадағы көшбасшы аймақтардың біріне айналды-деді Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Өсербаев. Оның мәлімдеуінше, өңірдегі сайлаушылардың келу көрсеткіші 84,03%-ды құрады. Облыста дауыс беру құқығына ие 1 187 257 азамат тіркелсе, бұл жалпы халық санының 55,4 пайызына тең-деді ол.
Ел ертеңіне сенеміз. Жаңа Конституция жарқын болашаққа баспалдақ болсын деп тілейміз. Бізде қоғамның белді мүшесі ретінде өз таңдауымызды жасауымызды тарихи сәтке балаймыз. Қазақ тарихында жаңа қабылданар Ата заңымыз — айбынымызды асырып, мерейімізді өсіріп, мәртебемізді биіктетеріне бек сенемін.
Ерсұлтан Әмірбек,
Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы















