Сауран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтарды қабылдау және түсіндіру кездесуі өткізілді.

29

Кездесу барысында аудан прокуроры сотталған азаматтармен жиналыс өткізіп, жаза өтеу тәртібі, пробациялық бақылаудың талаптары, сондай-ақ заң талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Жиналыс кезінде сотталған азаматтардың құқықтары мен міндеттері, белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда қолданылатын шаралар туралы нақты айтылды.

Сонымен қатар, қайта құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамға бейімделу және заңға бағыну мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиналыс аяқталғаннан кейін аудан прокуроры әрбір сотталған азаматты жеке қабылдап, олардың жеке мәселелерін тыңдады.

Әр өтініш пен мәселе назарға алынып, заң аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаза өтеу тәртібін дұрыс түсіндіру және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.