“ӘКІМ ТАЗАЛЫҚТЫ —“ӘУЛИЕБАСТАУ” БҰЛАҒЫНАН БАСТАДЫ….”

“Мөлдір бұлақ” экологиялық акциясына ерекше мән берген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тазалыққа көп болып мән беруге үндеді. Үндеп қана қойған жоқ. Өзі бастамашы болды. Облыс әкімі “Әулиебастау бұлағы” – тарихына терең бағалап, қадірлеуді қажет санайды. Оның айтуынша Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылдық округі, Жанұзақ ауылының төсінде орналасқан. Әулиебастау бұлағы 1940 жылдан бері өз табиғи байлығымен аймақ тұрғындарының өмірін суарып келеді. Бұл бұлақтың суы Жыланды өзеніне құяды, ал Жыланды өзенінен Байыс каналы су алады. Суармалы жер көлемі – 45 гектар, ол айналасындағы жерлерге өмір беріп, егіншіліктің дамуына үлес қосады.
Сонымен қатар, бұлақтың суы Балықты ауылдық округіндегі Қарабастау каналына да жеткізіліп, 30 гектар суармалы жер мен 120 үйдің іргелік аумағын қоректендіреді. Әулиебастау тек су көзі ғана емес, сонымен қатар мәдени тарихқа бай табиғи ескерткіш. Жергілікті халық бұл бұлақты ғасырлар бойы құрметтеп, оның суын малға, егінге және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланған. Бұлақ айналасы тыныштық пен береке орнайтын орын болып, ауылдың рухани өмірінде маңызды рөл атқарады.
Әулиебастау – тек су көзі емес, ұрпақтан ұрпаққа берілген табиғат сыйы, тіршілік пен тарихтың алтын көпірі екенін Түркістан өңірінің халқы жақсы сезінеді. Сондықтан да, экологиялық акцияға айрықша атсалысты кәрі де, жаста бәріде.















