ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БЕКЕТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласы және Сауран ауданы әкімдіктерінің әскерге шақыру бекеті жоспарға сәйкес қайта жөндеуден өтті.
Нысанда әскерге шақырылушыларды қабылдауға арналған арнайы бөлмелер жаңартылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар инженерлік жүйелер толықтай жаңартылып, қызметтік кабинеттер ретке келтірілді.
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әбілсейт Рабаев жаңартылған әскерге шақыру бекетіне барып, жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді және нысанның жалпы техникалық жағдайымен танысты. Тексеру барысында жауапты бөлім басшыларына бекетті толық талапқа сай пайдалану, азаматтарды қабылдау сапасын арттыру және қызметкерлер үшін қолайлы жұмыс ортасын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Түркістан қаласы әкімдігі тұрғындарға және әскерге шақырылушыларға қызмет көрсететін нысандарды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастырып, қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асыруда.








