Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап іс-шара ұйымдастырудың маңызы

104

Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ерекше көңіл бөлуін қажет ететін тобы. Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастыру арқылы олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге, әлеуетін дамытуға және өздерін толыққанды қоғам мүшесі ретінде сезінуіне ықпал етуге болады. Бұл мақалада Түркістан облысындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шаралардың маңыздылығы, олардың түрлері және жүзеге асырылу жолдары туралы баяндалады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.  Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген.  Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.  Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою.  Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады.  2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді,  мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді.
Осы жұмыстардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Бала құқықтары туралы», »Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңдарын және Ережелерді басшылыққа алады.
Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының бір түрі болып табылады.