Қазақстандықтар арасында патриоттық сезімді арттыру маңызды

20

Бүгінде Түркістан қаласында патриоттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған мазмұнды мәдени, білім және әскери‑спорт тақырыптарында түрлі шаралар өткізіліп, жастар мен жалпы қоғамның Отанға деген сезімін күшейтуге айрықша үлес қосуда. Осы ретте, Түркістан қаласының тұрғындарының назарына Қазақстандықтар арасында патриоттық сезімді арттыру аясында атқарылып жактқан шаралармен ақпараттандырамыз. «Патриотизм» терминінде әркімнің өзіндік түсінігі бар. Дегенмен көпшілік – өз Отанына деген сүйіспеншілігін көрсететін биік сезім ретінде ұғынады. Шындығында, патриотизм түрлі формада және әр адамда белгілі бір дәрежеде көрініс табады.

Бағзы заманнан бүгінгі уақытқа дейін өз еліне, ұлтына, халқына деген сүйіспеншілік, туған мәдениетіне, тіліне, жетістіктері мен жеңістеріне мақтаныш, шет жақа шыққанда туған жерге деген сағыныш сезімінің туындауы, Отан мен ортақ идея үшін өз мүддесін құрбан етуге дайын болу, елдің бүгіні мен болашағына алаңдау, өз халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге және азаматтық борышын өтеуге ұмтылу сияқты сипаттамлар қалыптасқан.  Тұлғалық деңгейде патриотизм – адамның дүниетанымында, мақсат-мұраттарында, мінез-құлық нормаларында көрініс табатын маңызды, тұрақты сипат. Ал оның жоғарғы көрінісі – өз халқына, оның өмір салтына, тарихына, мәдениетіне, мемлекетіне, іргелі құндылықтар жүйесіне қатысты ұжымдық көңіл-күйде, сезімде, оны бағалауда көрінетін қоғамдық сананың маңызды бөлігі.

Жалпы патриотизм сөзі ежелгі гректің «патриа» –  атамекен сөзінен шыққан. Отанға деген құрмет, өз халқына деген сүйіспеншілік, өз салт-дәстүріне құрмет, ұлты мен елінің жеңістеріне мақтаныш – осының барлығы патриотизмге тән қасиеттермен теңестіріледі. Қарапайым сөзбен айтқанда, Отанға, тілге, салт-дәстүрге, мәдениетке деген сүйіспеншілік. Адам бойындағы патриотизм оның іс-әрекетінен көрініс табады. «Шағын Отанына» деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриоттық сезім кемелдену жолында сан түрлі кезеңдерден өтіп, жалпыхалықтық патриоттық санаға, еліне деген саналы сүйіспеншілікке көтеріледі. Ол – мемлекет діңгегі беріктігінің моральдық негізі және қоғам дамуының, сондай-ақ жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымы мен Отанына аянбай қызмет етуге дайын болуының маңызды ресурсы. Әлеуметтік құбылыс ретінде кез келген ұлт пен мемлекеттіліктің дамуының нығайтқыш негізі. Елінің тұтастығы мен егемендігін, оның ұлттық қауіпсіздігін, тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жеке мүддесі мен ұмтылысынан әлеуметтік және мемлекеттік принциптерді жоғары қою, сондай-ақ жеке адам, қоғам өмірі мен қызметінің жоғары мәні ретінде бағаланады.  Патриотизмді қоғамдық сананың ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде жете бағаламау қоғам мен мемлекеттің әлсіреуіне әкеледі.

Патриотизмді дәріптеу келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:Азаматтардың санасына әлеуметтік маңызы бар патриоттық құндылықтардың және қазақтың мәдени және тарихи өткеніне, дәстүрлеріне құрметпен қараудың, мемлекеттің, әсіресе әскери қызметтің беделін арттыру; Азаматтарды әлеуметтік-экономикалық, мәдени-құқықтық, экологиялық және басқа да проблемаларды шешуге белсенді қатысуына мүмкіндіктерін жасау;Азаматтарды мемлекетінің Конституциясын, қоғамдық және ұжымдық өмірдің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеу, адамның конституциялық құқықтары мен оның міндеттерін, азаматтық, кәсіби және әскери борышын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау; Елінің мемлекеттік рәміздеріне – Елтаңбасына, Туына, Әнұранына, және еліміздің тарихи киелі орындарына деген мақтаныш сезімін, терең құрмет пен қастерлеу сезімін ояту; Қоғамдық оқиғалар мен мәселелерді теледидардың, радионың және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен ақпараттандыру арқылы азаматтардың патриоттық бағдарын күшейту;Ел тарихын бұрмалауға, адам құқығын таптауға негізделген бұқаралық мәдениет үлгілерін насихаттауға, анти-патриотизмдік белгілерге белсенді түрде қарсы тұру; Нәсілдік, ұлттық, діни төзімділікті қалыптастыру, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту.

Жалпы отансүйгіштік – қасиетті сезім. Қайда жүрсе де адамға қуат беретін – атамекен. Ал Отанға деген сүйіспеншілік бұл байланысты нығайтады. Нағыз патриот отанын қорғау жолында тіпті елінен қудаланған болса да халық үшін, ел игілігі үшін жасалғанын түсініп, іштей өкініш туындамайды, өйткені шын отансүйгіш адамды қандай да бір қиын жағдаймен сындыру қиын. Сондықтан қай уақытта да елден жер аудару ең ауыр жазалардың бірі болды. Оны тек өлім жазасымен салыстыруға болатын шығар. Отанға деген сүйіспеншіліктің табиғаты басқалар сияқты жұмбақ. Бір оқиғадан кейін кенеттен патриот бола алмайсың. Бұл сезім жылдар мен өмір тәжірибесі арқылы қалыптасады. Иә, патриотизм санада біртіндеп қалыптасады. Патриоттық сана отбасынан және мектептен бастап, халықтың дәстүрлері мен бүкіл өмір салты арқылы, қоғамның күш-жігерімен қалыптасады.

Патриотизм саяси мәдениетпен, тарихи жадының ерекшеліктерімен, адамның архетиптік болмысымен байланысты. Бұл тұрғыда жоғарыда келтірілген теріс түсіндірменің біздің қоғамдық санамызға қатысы жоқ. Қазақстанның бүкіл тарихында патриотизм әрқашан қоғамның рухани негізі, жеңістер мен жетістіктердің тірегі ретінде әрекет етті. Патриоттық сезімдердің көрініс табуында адамның күнделікті өмірі, оның ішінде экономикалық жағдайы ерекше рөл атқарады. Өмір сүру деңгейінің төмен болуы мен маргинализация қоғамда нигилизмді, наразылықты, апатияны, радикалдылықты, анти-патриоттық сезімдерді тудырады. Бұл –халықтың патриот болудан қалады деген сөз емес. Бастапқы материалдық қажеттіліктер қанағаттандырылмағандықтан, патриоттық сезімдер «сөне» бастайды. Экономикалық факторларға тәуелділік, әсіресе, жастар арасында кең көрініс табады. Бұл тұрғыда қоғамның патриоттық сезімін, Отанға деген адалдығын танытудың кілті – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясат екенін байқаймыз. Егер адамдарда кәсіби тұрғыда дамуға, білімге, мәдениетке, денсаулық сақтауға қолжетімділік болса, оның отбасы береке-бірлікте өмір сүрсе, оның туған жеріне «байлануы», сезімінің күшеюі табиғи жағдай.