МАҚТААРАЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫ СУРЕТ САЛУ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

164

«1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен орталық кітапханада полицейлердің ұл-қыздарының қатысуында сурет салу байқауы өткізілді.

Байқауға 12 жасқа дейінгі балалар қатысты. Жарыста өзінің қабілетімен топ жарғанучаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Болат Намазбаевтің ұлы Бекнұр Намазбай І-орынды иеленді. ІІ-орынды патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Бауыржан Оспановтың қызы Аружан Бауыржанқызы иеленді. Ал ІІІ-орынды Аяла Ерғалиқызы иеленіп, бөлім бастығының дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Жалпы іс-шараға қатысқан 12 бала ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Мерекенің мақсаты — өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу, балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың пікір бостандығына, білім алуға, салауатты өмір салтына баулу, балалардың шығармашылық дамуына септігін тигізу болып табылады.