ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙНҰР БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ІІІ-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

184

Жақында Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен Әлем чемпионатына өтіп, оған Айнұр есімді полицей қызымыз қатысқан еді. Енді міне елге жүлделі оралып, барлығымызды қуантып отыр.

Әлемнің 26 елінің спортшылары қатысқан тартысты сайыста, түркістандық полицей Айнұр Ақжігітова, 66 келі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. 4 палуанмен белдесіп, өзінің мықтылығын танытты. Қазақстан Республикасының Көк туын көкте желбіретіп, Әнұранын шырқатты.

Сондықтан спортты серік еткен қызымызға сәттілік тілеп, өзімен мақтанатынымызды айтқым келеді. Алар асуың көп болсын!