САУРАН АУДАНДЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Бүгін Сауран аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің 2023 жылғы ІІІ-тоқсандық отырысы өтті.
Отырысқа аудандық, ауылдық округ ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен этномәдени бірлестік мүшелері қатысты.
Отырысты Кеңес төрағасы Әміреев Оразбек Жұмабекұлы ашып жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
- «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына қолдау білдіру
- Сауран аудандық Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жүйелеу, ұйымдастыру;
Еліміздегі біртұтастық пен татулық, достық пен қоғамдық келісімді, этносаралық қарым- қатынастарды сақтау мен нығайту мақсатында атқарылып жатқан істер мен бағдарламалар жайлы айтып,осы бағыттағы жұмыстарды одан да тиімді әрі нәтижелі жүргізу жөніндегі өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.