САУРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ, ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

379

Сауран ауданы «Мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ және аталған бөлімге қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері Тілдік дискриминицияға жол бермеу және азаматтарға мемлекеттік тілде толық әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан қызмет көрсету орталықтары, шағын кәсіпкерлік субектілері және коммерциялық ұйымдарға мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне қатысты жан жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстарына Сауран ауданы мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қызметкерлері қатысты.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушының, орындаушының) міндеттерінің бірі тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты беруге міндетті.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін келесі әкімшілік іс-әрекеттер:

1) Лауазымды адамның тіл білмеуін уәж етіп, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын, өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ олардың мәні бойынша қарамауы;

2) Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу;

3) Жеке тұлғалардың тіл таңдау құқықтарын шектеу,тілдік белгілеріне қатысты кемсітуге жол берілген жағдайда осы әкішілік істер бойынша жауапкершілік Кодексте қарастырылған. Осы Кодекстің 729-бабына сәйкес облыстың, Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар істерді қарайды және осы бап бойынша лауазымды адамдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің немесе коммерциялық емес ұйымдардың орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін қарастырады.