АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

19

Алғыс айту күні – мейірімділік пен ризашылықтың мерекесі. Осы айтулы күнге орай Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары Ордабасы ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Жас өрендер ел басқару ісінде аянбай еңбек етіп жүрген басшылық азаматтарына алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған.

Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі