ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға әкім орынбасары мен дербес бөлім басшылары ауыл округ әкімдері қатысты.
Қабылдауға келген Қайнар ауылының азаматы тұрғын үй, Амангелді ауылындағы Зияев көше жарығын орнату, тұрғын үйінің құжатына көмек сұрау сынды мәселелері айтылып, өтініштері тыңдалды.
Аудан басшысы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Сондай-ақ орынбасары мен бөлім басшысына мәселелерді талдап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін және заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.