Екпе ал — өміріңді сақта!

355

Шымкент қаласында 8 тамызда КВИ-дің 565 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 479, белгілері жоқ – 86). 269 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 296 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 580 орын бар, төсек-орын толымдығы 77%-ды құрайды, 799 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 2781 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 498 төсек орын бар, 381 науқас ем қабылдауда.

Соңғы тәулікте қалада 2708 адам вакцина алды (I компонент-890, II компонент-1818). Егу науқаны басталғалы барлығы 384 040 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 304 289 адам вакцинаның екі компонентін де алған.

Құрметті қала тұрғындары, вакцина салдырып, өміріңізді сақтаңыз. Үнемі бетперде тағыңыз, бетперде індетті жұқтыруға тосқауыл болады! Карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.