ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛҒАН АБОНЕНТ САНЫ — 35 294. ӘСІРЕСЕ, ҚАРАША АЙЫНДА ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚАТАРЫ ӨСТІ

376

Жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ инспекциясы мамандары тарапынан 25 851 жеке тұрғын үй, 672 көше араланып, акт түзілді.

Заң талаптарына сәйкес, газ жабдығын дұрыс қолданбаған жеке тұрғын үйлерге ескертулер берілді.

Аралау, бақылау барысында бірқатар техникалық талаптарға сәйкес келмейтін пешті 16 жеке тұрғын үйлер қолданып отырғаны анықталып, газ жүйесінен ажыратылды. Кәсіпкерлік нысандардың ішінен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін 4 қазандық анықталып, ескертулер берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 145 газосигнализатор әкімшілік тарапынан орнатылды.

Сонымен қатар, 1-2 мөлтек аудандарындағы көп қабатты үйлерді рейдтік тексеру барысында 322 пәтердің пропан газ баллонын қолданғаны анықталып, қолданыстан алынды.