Мүгедек балаларды қоғамға бейімдеу арқылы сауықтыру жолдары

48

Түркістан облысының тұрғындарының назарына мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керектігі жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады.  Жолдауда осы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты орынды мәселелер көтеріп, оларды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлу керектігін қадап тапсырған болатын. Ең бастысы мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасауымыз керек. Жалпы баланы қоғамға бейімдеу мен оқытуда ерте диагностикалау мен түзету маңызды. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек. Бұл тәрбиенің негізгі мақсатыеңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру. Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі болады. Еңбек, еңбек– бәрін жеңбек. Осы бір мақалдың ішіне барлығы сиып тұрғандай. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар дегенде көз алдымызға еңбекке жарамсыз, ата-ана қамқорлығында отырған балалар елестейді. Еңбек баланың өмірлік қажеттілігі. Мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың өзіндік еңбек дағдылары бірден қалыптасып кетпейді. Мұндай балалар атаана мен арнайы мамандардың көмектерін қажет етеді. Оларға өздерін танытып, айналасындағылармен араласуға мүмкіндік беру керек. Өздері өте жасық келеді. Бойында дарыны бар балалар қаншама. Мұндай балаларды еңбекке баулыса, ертең есейгенде өмірде өз орнын, өз мамандығын табуға көп көмек болар еді. Күнделікті үй тұрмысындағы еңбектің өзі баланың еңбек дамуының көзі. Баланың өзіндік қызмет дағдыларының қалыптасуын қадағалау қажет. Оның дұрыс тамақтануы, тамақтанып болғаннан кейін ыдыстарын, киімдерін жинау ұқыптылықтары еңбектену көзінің бұлағы емеспе. Үйде жасалатын жұмыс туралы түсінігін дамыта отырып, заттық ойын және іс-әрекеттерін ұйымдастыру күнделікті еңбек дағдыларының қалыптасуы болып табылады. Осы тұрғыда ата-ананың орны ерекше. Ертең есейгенде олар кім болып шығады деген сұрақ әрбір ата-ананы ойландыруы тиіс. Баласының  қалаған  ісімен еркін шұғылданып, қоршаған дүниені тануына, олардың толыққанды тұлға ретінде сезінуіне көмектесіп, жол аша білу керек. Осыған байланысты педагогтар да балаға арналған жеке даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Ата-ана мен педагогтар бірігіп жұмыс жасаса мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаларды еңбекке баулу мәселесі өз шешімін табады