АШЫҚ ДИАЛОГ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

729

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Қаратау аудан белсенділерімен кездесіп, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысын талқылады. Бұл аудан халқымен бас қосып отырған 3-ші кездесу. Осы жиындарда жалпы саны 52 мәселе көтерілген болатын. Аудан белсенділері қозғаған өтініштердің орындалуы қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Бірінші кезеңде орындалуы тиіс 12 мәселе бүгінде шешілсе, қалған 40-ы жұмыс барысында.

Тұрғындардың өтініші бойынша әкімнің берген хаттамалық тапсырмасының бірі — «Орманшы» тұрғын алабына ағаш отырғызу және гүлзарларды суғару үшін скважина қазу мәселесін зерделеу болатын. Бұл бойынша Қаратау аудан әкімдігі №1 айналма жол бойындағы «Алатау» саябағына 2021 жылы күз айында мердігер «Build Stroi» ЖШС жалпы 2263 дана ағаш көшеттерін отырғызғанын және саябақта 1 дана ұңғыма (скважина) бар екенін мәлім етті. Сонымен қатар, «Орманшы» тұрғын алабынан «Шымкент каналы» өтуіне байланысты суғару мәселесімен толық қамтамасыз етілгенін баяндады.

Ал, «Тассай» тұрғын алабындағы бос жерлерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жабық спорт кешені және мәдениет үйін салу бойынша бүгінде жеке кәсіпкер «ЖК Бейсенбаева» Тассай тұрғын алабы №451 жер учаскесінен сиымдылығы 250 адамдық көлемі 80х12 спорт зал құрылысын жүргізу үшін сәулет жоспарлау жобасы әзірленуде. Аталған спорттық нысанның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары наурыз айында басталып қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда. Спорт нысанында балалар мен жасөспірімдерге спорттың 5 түрімен (бокс, стол теннисі, күрес, шахмат, дзюдо) айналысуға жағдайлар жасалады.

Шешілген мәселенің бірі — «Қайнарбұлақ және Ақжайық» елді-мекендеріне қатынайтын қоғамдық көліктерге қосымша маршруттар толықтыру. №70 маршрутқа 2 автобус және №2 маршрутқа 1 автобус қосылды. Ақжайық ш.а. тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында №20 автобус маршруттың қозғалысына өзгерістер енгізіліп, маршруттың жұмысы Сырым батыр көшесімен жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын арттырудың тиімді құралы – халықпен ашық диалогта пікір алмасу екенін айтқан қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, азаматтардың мәселелерін жедел шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Қаланы жүйелі түрде дамыту үшін аудан белсенділерімен кездесу жалғасатын болады.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent?lang=kk