Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдағы орны қандай?

76

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдағы орны қандай? Жағдайлары нешік? Тұрмыстары қалай?  Оларға мемлекет қаншалықты жәрдем беруде? Оларды жұмыспен қамту,  еңбекке баулу қалай жүргізілуде? Мүмкіндігі шектеулі жастардың хал-ахуалы не болып жатыр? Бұл айтылғандар көпті толғандыратын мәселе екені даусыз. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясы, «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы бойынша реттелетінін айта кеткен жөн.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Үкіметке қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді.

«Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым», – деді Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке осы мақсатта үш жыл ішінде кемінде 58 млрд теңге бөлуді тапсырған болатын.