Сайрам: мүгедектігі бар адамдарды қолдау — басты назарда

57

Сайрам ауданындағы мүгедектігі бар адамдарды қолдау барысында абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 3241 мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілген. Осы ретте республикалық бюджеттен 157 097,0 мың теңге бөлініп, оның 56 900,0 мың теңгесі және облыстық бюджеттен 522 330,0 мың теңге бөлініп, оның 416 750,0 мың теңгесі және жергілікті бюджеттен 297 876,0 мың теңге бөлініп, оның 157 644,0 мың теңгесі игерілген.

Оның ішінде, міндетті гигиеналық құралдармен, көмекші техникалық (компенсаторлық) құралдармен және санаторлық-курорттық емделумен, қоларбамен, протездік-ортпедиялық құралдармен, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, жеке көмекші қызметі мен ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының орындалу көрсеткіші 88,7 пайызды құрап, Сайрам ауданының көрсеткіші жоғарғы орыннан көрінді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:«Маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау» деген болатын. Бұл ретте,  мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін заң аясында шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсартып, қолайлы орта қалыптастыру. Ауылдарды аралаудағы мақсатымыз – сіздермен танысып, жағдайларыңызды біліп, араларыңыздан бір адамды алқа мүшесіне сайлау. Қолымызда қаржы  жоқ, демеуші арқылы қызмет етеміз. Мұң-мұқтаждарыңызды тыңдап, шешілмей жүрген мәселелеріңіз болса, аудандық, облыстық басшыларға жеткізу.  Мүмкіндігі шектеулі жан деп көбіне шектеліп қаласыздар.  Бәріміз тең құқылымыз. Өзімде ІІ топ мүгедектігі бар жанмын» деді.