Шардарада мүгедек азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда

45

Бүгінде Шардара ауданы бойынша 3270 мүгедектігі бар адамдардар тіркелген. Оның ішінде, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардар саны 285, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардар саны 1130, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдардар саны 1314 және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 541. Бүгінде ауданда мүгедектігі бар адамдарға абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы 78,9 пайызға көрсетілген. Оның ішінде, санаторлық-курорттық емделуге 680 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 323 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 47,5% және протездік-ортопедиялық құралдарға 206 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 177 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 85,9 % құрайды.

Сонымен қатар, ауданда 104 мүгедектігі бар адам қамтылған немесе 87,4 %, жүріп-тұру құралдарға 49 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 48 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 98 % ды құрайды. Одан бөлек, сурдотехникалық құралдарға 83 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 81 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 97,6 %, міндетті гигиналық құралдарға 790 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 756 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 95,7 %, жеке көмекшінің қызметіне 103 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 102 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 99,03 %ды құраған. Сондай-ақ, ымдау тілі маманының қызметіне 54 мүгедектігі бар адамдардан өтініш түсіп, одан 54 мүгедектігі бар адамдар қамтылған немесе 100 % қамтамасыз етілген.

Айта кетсек, халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі шеңберінде мүгедектігі бар адам базалық деңгейде бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс істейтін азаматтар үшін қосымша еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде төлемдерді сақтандыру компаниялары арқылы жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдар оңалту бағдарламаларымен және компенсаторлық-техникалық құралдармен қамтылған.2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам үшін мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.