Ордабасы ауданындағы орталық 4 бағытта қызмет көресетеді
Ордабасы ауданында мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бар. Орталық аудандағы Темірлан ауылында орналасқан. Орталықта жалпы саны 20 мамандар жұмыс атқарады. Қазіргі таңда орталықта 4 бағытта қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, ардагерлермен мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, жүйелі бос уақытты ұйымдастыру, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мақсатында спорттық құрал жабдықтармен яғни 5 тренажерлар, 1 массаж аппараты, кітапхана, бильярд, теннис, шахмат, шашки тоғызқұмалақ, тұз шахтасы бар 221 азаматқа қызметтер көрсетілді.
Орталықта сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау, өзіне-өзі қызмет ету, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту мақсатында бар 6 тренажерлар 58 азаматқа қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, тірек қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 25 балаға әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегіп дағдарысқа ұшыраған 11 жәбірленушілерге әлеуметтік психологиялық қызметтер көрсетілуде. Ауыл округтерінен «Шапағат» орталығына күнделікті кестеге сәйкес тасымалдау мақсатында арнайы автокөлік қарастырылған. Жалпы орталыққа келушілерге мереке күндерінде және денсаулықты жақсарту мақсатында түрлі спорттық, меркелік іс-шарлар өткізілуде.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбек етуі туралы айтар болсақ, мемлекетімізде бекітілген заң ережелерін есімізге аламыз. Жұмыс берушілердің келісіміне сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орнынан квота беріледі. Квота – жұмыс орнының санына қарай 2%-дан — 4%-ға дейінгі мөлшерде жергілікті атқарушы органдар көмегімен беріледі. І және ІІ топтағы мүгедектерге квота берілмейді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға ІІІ топтағы мүгедектерді жұмысқа алу тиімдірек, себебі олар көп аспектіде еңбек етуге жарамды. Осыдан барып мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында дискриминация (кемсітушілік) пайда болады. Мысалы, АҚШ елдерінде көзінен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік мекемелерде орнатылған газдалған және газдалмаған суларға арналған автоматты құрылғыны басқару құқығы берілген. Бұны «позитивті дискриминация» деп атасақ болады. Өкінішке орай, біздің мемлекетімізде мұндай артықшылықтар жоқ