«Кедергісіз келешек» ерекше балаларға қандай мүмкіндіктер береді

81

Түркістан облысының тұрғындарының назарына жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. инклюзивті орта Қазіргі уақытта инклюзивті ортадағы өз азаматтарымызға, балаларымызға деген қоғамның көзқарасы түбегейлі өзгерді деуге болады. Президенттің тікелей тапсырмасымен осы бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынып жатқанын да жақсы білесіздер. «AMANAT» партиясы да Мемлекет басшысы реформаларының қоғамдық тірегі болып, бұл бағытта ауқымды жұмыс атқаруда. Мәселен, партиямыздың сайлауалды бағдарламасы аясында 2028 жылға дейін әрбір елді мекенде инклюзияны қолдаудың кемінде бір кабинетін ашу көзделген. Жыл сайын еліміздің өңір-өңірінде «Кедергісіз келешек» аясында балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалі өтеді.

Мәселен, қазіргі уақытта республика бойынша мектептерде 1389 инклюзия кабинеті және партияның көмегімен ашылған 324 бейімдеу спорт секциясы жұмыс істейді. Сонымен қатар жыл басынан бері «AMANAT» партиясы мүгедектігі бар 630 азаматқа тұрақты жұмыс табуға көмектесті.

Өз кезегінде фестивальді ұйымдастырушы «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы Нұргүл Үлжекова мұндай фестивальдер ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеуге және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Инклюзия – қоғам қабылдауға тиіс өмір шындығы. Балабақша қабырғасынан бастап балаларды ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. Бұған дұрыс ақпарат беру, ашық сабақтар мен спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қол жеткізе аламыз. Жалпы, спорт – бұл тәуелсіз тұлға тәрбиелеудің және алға қойған арман-мақсатқа ұмтылуға ынталандырудың ең тиімді әдісі», – деді ол.

Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» жобасын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі – ерекше балаларға инклюзивті білім беруде жәрдемдесу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға құрмет көрсету және оларға көмек көрсету.