АУДАНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21

Бүгін ауданда және елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында жалпыхалықтық сенбілік шарасы өтті.

Сенбілікке біркісідей атсалысқан мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары әрбір бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында қоршаулар сырланып, арам шөптер оталды. Көше бойындағы арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді. Жалпыхалықтық шара аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерінде де ұйымдастырылып, тұрғындар қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты.

Сенбілік жұмыстарына «Отырар — 2050» көгалдандыру мекемесінің арнайы техникаларымен қатар жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен қоқыс шығаратын көліктер жұмылдырылды. Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға жеткізілді.