АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

37

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй кезегі, газдандыру жұмыстары, инфрақұрылым жүргізу мәселелерін көтерсе, бірі жеке мәселелері бойынша да әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады.

Аудан басшысы жұмыссыздық мәселесі бойынша мамандықтарға сәйкес сұраныс болған жағдайда бос жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігін түсіндірді. Сондай-ақ, кейбір азаматтарға қоғамдық жұмыс арқылы да жұмыс жасауға мүмкіндік барын жеткізді.

Мұнан бөлек, жеке қабылдауға келген азаматтардың өзге де мәселелерін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Қойылған сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай тиісті жұмыстарды атқаруды жауапты сала басшыларына жүктеді.