КЕЗЕКТІ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

27

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде аудан аумағындағы балалар ойын алаңшаларының қазіргі жағдайы және ретке келтіру туралы, бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің орындалуы, ауыл округі әкімдерінің 7 айдағы жұмыстарын бағалаудың рейтингтік көрсеткіштері және өзге де өзекті мәселелер қаралды.

Алдымен бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай баяндама жасап, бұқаралық спортты дамыту, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында салынған ойын алаңшалары мен оларды күтіп ұстау, ретке келтіру жұмыстары туралы айтып өтті.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9 елді мекендегі балалар ойын алаңшалары мен 7 елді мекендегі спорттық ойын алаңшаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Ойын алаңшаларының қазіргі жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында ел игілігіне берілген ойын алаңшаларының қараусыз қалуы салдарынан төсемелері ойылып, ойын құралдарының сынғаны, сырлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететіні анықталған.

Аудан басшысы аталған мәселеге байланысты ел игілігіне берілген нысандарды күтіп ұстау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жауапты сала басшыларына тапсырып, жұмыстардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Мұнан соң күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Көлбай Асқар баяндаса, аудандағы құрылыс жұмыстарының барысы, жылыту маусымына дайындық, «Таза Қазақстан» аясында атқарылған жұмыстар, ауыл округтері бойынша тұрғын үйлердің газға қосылу барысы, жер қайтару және мектептерді жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәселелер бойынша жауапты сала басшылары хабарлама жасады.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды ширату керектігін айтып, жауапты бөлімдер мен ауыл окрутерінің әкімдеріне мерзімді тапсырмалар жүктеді.