Балтакөлде  берекелі  істер  көп

39

Ауыл — қазақтың қасиетті мекені, қайнар көзі, һәм алтын бесігі. Ауыл – ұлттың ұйытқысы. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен ауылдың алар орны ерекше.

Биылғы жылы Балтакөл ауыл округі үшін табысты, берекелі жыл болды. Елді мекен тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында округте бірнеше тындырымды тірліктер орындалды. Осы орайда, ауыл әкімі С.Ателов 2021-2024 жылдары аралығында атқарған жұмыстары жайлы сөз еткен еді.

 

Ағын су мәселесі

Балтакөл ауылының тұрғындары  әр­қашан еңбек­қор­лығымен, ұйым­шыл­­дығымен үлгі болған. Бұл ауылда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған.

Су – ауыл шаруашылығындағы ең маңызды табиғи ресурс болып табылады. Су-өмірдің негізін құрайды. Өндірістік және ауыл шаруашылық өндірісте маңызы зор. Оның адамның тұрмыстық қажеттіліктеріне, барлық өсімдік және жануарға қажет екені баршаға мәлім. Көптеген тірі жандар үшін ол тіршілік ету ортасы болып табылады. Қалалардың өсуі, өндірістің дамуы, егілген жерлердің үл­кеюі, тұр­мыстық мәдениеттің жақсаруы және тағы да басқа факторлар су тап­шылығын тудыруда. Суға қажеттілік жылдан – жылға өсуде. Судың аздығы қазірдің өзінде әлемдік күрделі мәселе болып отыр.

Осы ғаламдық ағын су мәселесіне қарамастан ағымдағы жылы  Балтакөл ауыл округі шаруалары мен елді мекен тұрғындары «Сумағар» каналынан келетін ағын сумен толық қамтылды.

Туған жердің өркендеуіне елеулі үлес қосып, қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын созып жүрген жомарт азаматтар ортамызда жетерлік. Сондай азаматтардың бірі, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов­тың демеушілігімен  және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев пен аудан­дық мәслихаттың депутаты Бекман Әкімбеков мырза­лардың бастамасымен жыл басында «Сумағар» каналы   сағасынан бастап және елді мекен ішіндегі каналдарды қоса (барлығы-20 шақырым) тазарту жұмыстары жүр­гізілді. Соның арқасында биылғы  жылы ағын су   тапшылығын  сезбеген балтакөлдік дихандар Уәлихан Ұзақовтың жомарттығына дән риза.

Балтакөл ауыл округінде биылғы жылғы суармалы жерді игеру жоспарына  сәйкес егілген жүгері 530 га, тары 770 га, мал азығы 1128 га, картоп 45 га, күнбағыс 30 га, бақша 898 га, көкөніс 157 га,  барлығы ағын сумен  толық  қамтылды.

Инфрақұрылым

бойынша

Балтакөл ауыл округінде   ішкі  көшелерді  жөндеу бойынша  2024 жылы атқарылған  жұмыстар:

 

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында округ бойынша 2 көшеге (Балтакөл ауылындағы А.Алтаев, Құрбан-Ата көшелеріне  орта жөндеу (асфальт тө­сеу) жұмыстары жүргізілді. Құры­лыстардың жобалық құны 107,0 млн. теңге.

Аудандық бюджет есебінен Көл­құдық ауылындағы З.Ботабеков кө­ше­сін орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмысы жүргізілді .

4-ші деңгейлі бюджет есебінен Балтакөл ауылындағы Тәукебай көше­сіне (ұзындығы 600 метр) ағымдағы жөндеу жұмысы (тас төсеу) жүргізілді. Құрылыс құны-1,6 млн. теңге.

Бүгінде ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, елдегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысанда­рына жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, инженерлік желілер тоз­ған. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыс­тағы мемлекеттік бағдарла­малар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Ең­бек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шең­берінде кәсіпкерлікті қолдау жүзе­ге асырылады.

2024 жылы  демеуші  есебінен    ағым­дағы  жөндеу  (тас төсеу) жұмыс­тары жүргізілген.

Ә.Молдағұлова көшесі (ұзын­ды­ғы-1,2 шақырым), Қ.Әуесханов көшесі (ұзындығы 0,8 шақырым), Т.Сүлейменов көшесі (ұзындығы 0,2 шақырым),  Көлқұдық ауылындағы М.Арыс көшесі (ұзындығы 0,8 шақы­рым).   Жалпы  ұзындығы 3,0 шақы­рымды құрайтын  4 көше жөндеуден өткен.

4-ші деңгейлі бюджет есебінен Балтакөл ауылындағы  Тәукебай көше­сіне (ұзындығы 0,6 шақырым) тас  төселді. Құрылыс  құны 1,6 млн. теңге.

Аудандық бюджет есебінен Көлқұ­дық ауылындағы  З.Ботабеков  көшесіне (ұзындығы 1,2 шақырым) орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді.

«Ауыл-ел бесігі»  бағдарламасы аясында Балтакөл ауылындағы А.Алтаев көшесі (ұзындығы 2,4 шақырым) құрылыс  құны 75,0 млн теңге, Құрбан-Ата көшесіне (ұзындығы 1,3 шақырым) құрылыс  құны 32,0 млн теңге орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары атқарылды.

Балтакөл  ауыл округінде  2021 жылы    инфрақұрылым саласы бойынша  атқа­рылған жұмыстар

  1. 200 орындық Мәдениет үйі (құры­лыстың сметалық құны-299,0 млн. теңге. «Ауыл — ел бесігі» бағдар­ла­масы­мен жүзеге асырылды).
  2. Көлқұдық ауылындағы Қ.Әділ­беков көшесіне орташа жөндеу (ұзын­дығы 1400 метр, құрылыстың смета­лық құны-17 млн.250 мың теңге, аудандық бюджет есебінен).
  3. Балтакөл ауылындағы Тәуке­бай көшесіне ағымдағы жөндеу (ұзындығы 2400 метр, құрылыстың сметалық құны 1 млн. 994 мың теңге, 4 деңгейлі бюджет есебінен).
  4. Үштам ауылының Тәтібай көше­сіне ағымдағы жөндеу (ұзындығы 900 метр, құрылыстың сметалық құны 1,1 млн. теңге, 4 деңгейлі бюджет есе­бінен).
  5. Балтакөл ауылындағы М.Көбеев көшесінің бойын­дағы 0,18 га. жерді абаттандыру, жарықтандыру (құрылыс­тың сметалық құны 1,2 млн. теңге, 4 деңгейлі бюджет есебінен).

Көгалдандыру жұмыстары бойынша:

1.Балтакөл ауылында 3,2 га. жерге жеміс талдарын егу жұмыстары жүргізілді.

(Демеушілер есебінен суландыру үшін 2 құдық қазылды, сым тормен қоршалды, қақпа орнатылды.Екі бағбанға еңбек ақы төлеп отыр).

  1. Көлқұдық ауылынан 1,5 га. жер сым тормен қор­ша­лып, 1 га. жерге тал көшет­тері отырғызылды, 1 құдық қазылды.

 

Балтакөл  ауыл округінде  2022  жылы    инфрақұрылым саласы бойынша  атқарылған жұмыстар

Балтакөл ауылындағы Т.Әбуова  көшесіне  орташа жөндеу (ұзындығы 1100 метр, құрылыстың сметалық құны 30 млн. 54  мың теңге, аудандық бюджет есебінен);

Инвестициялық бағдарлама аясында 175 электр бағанасы ауыстырылып, 5,8 щақырым электр желілері жаңартылды. Жаңадан 2 трансформатор қойылды.

Балтакөл ауылынан балалар ойын алаңшасы.Құрылыс құны 18 млн.786 мың теңге. Аудандық бюджет есебінен.

Балтакөл ауылындағы ауыз су ғимаратының қасынан сиымдылығы 150 м3  резер­вуар салынды. Құрылыс құны 8 млн. теңге. Аудандық бюджет есебінен.

4-ші деңгейлі бюджет есебінен; Көлқұдық елді мекенінен М.Арыс көшесіне ағымдағы жөндеу (ұзынд.-1490 м). Құрылыс құны-2,6  млн. теңге;

Ақкөл ауылынан Қ.Аза­матов кө­шесіне ағымдағы жөндеу (ұзынд.-800 м).Құры­лыс құны-1,9  млн. теңге;

 

Балтакөл ауыл округіндегі 2023 жылы инфрақұрылым бойынша атқарылған жұмыстар

 

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында округ бойынша 3 көшеге (Балтакөл ауы­­лын­дағы Б.Жұмағұлов, Ә.Сан­ды­баев көшелері, Ақ­көл ауылынан Қ.Азаматов көшесі) орта жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілді. Құ­рылыстардың жобалық құны 79,0 млн. теңге.

Аудандық бюджет есебі­нен;  Көлқұдық ауылындағы М.Арыс көшесінің бойынан  аяқ жол (ұзындығы-1800 метр), кіші футбол алаңшасы, Ақ­көл ауылындағы Қызылорда-Балтакөл тас жолының бо­йынан (ұзындығы-1380 метр) аяқ жол және жарықтандыру жұмысы  атқарылды.

4-ші деңгейлі бюджет есе­бінен Балтакөл ауы­лын­­дағы Ә.Ернішев көшесіне (ұзын­дығы 800 метр) ағымдағы жөндеу жұмысы (тас төсеу) жүргізілді. Құрылыс құны-1,3 млн. теңге.

Самырат елді мекеніндегі  Тәтібай көшесіне (ұзындығы-500 метр) ағымдағы жөн­деу жұмысы (тас төсеу) жүргізілді. Құрылыс құны-1,6 млн. теңге.

Балтакөл ауылы, М.Әжіқа­былов көшесінің бойындағы балалар ойын алаңшасын абат­тандыру-көгалдандыру жұ­мыс­тары жүргізілді. Құры­лыс құны 1,3 млн.теңге.

Демеушілер есебінен Бал­такөл ауылындағы Т.Әбуова көшесіне (ұзын­дығы 170 метр) жарықтандыру  жұ­мысы жүргізілді.

М.Әжіқабылов көшесінің бойынан (ұзындығы-100 метр) аяқ жол, жарықтандыру, орын­дықтары мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Е.Қалмырзаев көшесіне (ұзын­дығы 900 метр) жа­рық­тан­­дырылды. Құрылыс құны 25,0 млн.теңге.

Қарап тұрсақ, Балтакөл ауыл округінде соңғы 4 жылда көптеген игілікті жұмыс­тар­дың жүзеге асырылғанын байқаймыз. Бұл орайда ауыл әкімі Сейітхан Ателов мыр­заның бірқатар ұйым­дастыру шараларын іске асыр­ғанын айт кеткені­міз жөн.

Қысқасы, ел игілігін дамыту бағытындағы сан-салалы тірліктердің бұдан былайғы уақыттарда да өз дәрежесін­де жүргізіле беретініне көз жеткіздік.

Азат Әмірбек.