Көгалдандыру жұмыстары жалғасын табуда
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының басты көшелерінде жасыл желектерді суғару, оларды қопсыту жұмыстары жалғасуда.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының басты көшелерінде жасыл желектерді суғару, оларды қопсыту жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде Байтұрсынов, Жангелдин, Қазыбек би, Дулати, Қабанбай батыр, Қазиев көшелері бойындағы талдар суғарылып, судың ұзақ сақталып, толық сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалып жатыр.
Сондай-ақ аптап ыстықта жанға сая болатын дарақтардың қураған бұталарын қырқу жұмыстары да жүргізілуде.