«Таңмен таласа туған туындылар» атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті

83

2021 жылдың «Жыл кітаптарын» таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» таңдалған. Таңдалған кітаптар поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма сынды бағыттарды қамтиды.

Драматургия жанры бойынша жерлесіміз драматург жазушы Сая Қасымбекқызының «Жанталас» пьесалар жинағы таңдалынып алынды.

Осы орайда кітапханамыздың әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен «Таңмен таласа туған туындылар» атты әдеби-сазды кездесу кешін ұйымдастырды.

Кештің жүргізушісі журналист Әзімбек Қойлыбай кейіпкеріміз Сая Қасымбекпен әсерлі әңгіме өрбітсе, Шымкент мәдениет үйінің әншісі Сафура Әбдіразақова мен кітапханамыздың Өнер бөлімінің қызметкері Наханова Талиға әннен шашу шашып, кештің көркін кіргізді. Жергілікті ақын Гүлнар Өмірбек естеліктерімен бөлісіп, Сая Қасымбекқызына өз жыр жинағын сыйға беріп, кітапханамыздың қыздары Сая апайымыздың «Таңғы жазбаларынан» сыр тартты.

Шымкент қаласы, Абай атындағы орталық кітапхананың

әдістеме бөлімінің кітапханашысы

Танкишева Эльмира