Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек түрлері бар?

211

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай көмек түрлері бар. Осы және өзге де ақпараттарды Түркістан облысының тұрғындарының назарына ұсынамыз.

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Заң  2005 жылдың 13 сәуірінде енгізілді. Бұл заңның негізгі мақсаты — тәуелсіз өмір салты үшін жағдайды қамтамасыз ету, олардың қоғаммен жан-жақты араласуы үшін мүмкіндіктер жасау, әлеуметтік, медициналық, қайырымдылық  сынды көмек түрлерін жүзеге асыру, мүгедектік деңгейін төмендету.

Қазіргі таңда елімізде 698 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың қандай құқықтары бар?
Қазақстан Республикасында мүгедектер:

1) әлеуметтiк қорғауға, соның iшiнде оңалтуға, қоғамға етене араласуға;

2) әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге;

3) ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

4) бiлiм алуға, қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуға;

6) кәсiптiк даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге және жұмысқа орналасуға;

7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;

8) мемлекеттiк және өзге ұйымдарда, соның iшiнде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлiк, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлуге;

9) мүгедектердiң шығармашылық қабiлеттерiн қолдауға арналған құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiмен бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.

Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қандай түрлері көрсетіледі?

Көмек түрлерін 3 топқа жіктейміз:

1)Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер;

2)Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер;

3)Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері

2020 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде 8 өңірде жаңа оңалту орталықтарын салу жоспарлануда. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовалдағы уақытта үлкен жұмыстардың атқарылатынын атап өтті: «Біз бүгін үлкен заңға келеміз, алдағы жылдары мыналар біз үшін өте маңызды болып табылатындығын айтқым келеді – бұл мүгедектігі бар адамдар үшін, олардың жұмысқа орналасуы мен экономикалық белсенділігі үшін жағдай жасау. Бұл өте маңызды элемент. Біз заң жобасында бірқатар шараларды қарастырамыз»

Мүгедектер мен оларға күтім жасайтындарға төленетін жәрдемақы

Мүгедектік бойынша жәрдемақылар:

I топтағы мүгедектерге 59 872 теңге (төмен күнкөріс деңгейінің 1,92 мөлшері);

II топтағы мүгедектерге 47 710 теңге (1,53 КД);

III топтағы мүгедектерге 32 431 теңге (1,04 КД) төленеді.

16 жастан асқан мүгедек балаларға:

І топқа — 59872 теңге;

ІІ топқа — 49581 теңге;

ІІІ топқа — 37420 теңге мөлшерінде тағайындалады.

— Мүгедек баланы тәрбиелегені үшін — 43657 теңге;

— Бала кезінен І топтағы мүгедек баланың күтімі үшін — 43657 теңге төленеді.