ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ.

Қазығұрт ауданының жас спортшылары Біріккен Араб Әмірліктерінің Аджман қаласында 04–10 желтоқсан күндері өткен IX Open Asian Armwrestling Cup және VIII Open Asian Para-Armwrestling Cup халықаралық чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, тамаша жетістікке қол жеткізді.
Жалпы командалық есепте аудан спортшылары 4 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, Қазығұрттың атын халықаралық аренада тағы бір мәрте асқақтатты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
- ✦ Түзелбай Бексұлтан — 60 кг
- ✦ Мамбеталиев Нұрислам — 60 кг
- ✦ Сыдық Жадыра — 60 кг
- ✦ Сейіткарим Абдурахман — 45 кг
- ✦ Жақия Нұрали — 45 кг
Аталмыш чемпионатта жас спортшыларымыз өздерінің күш-қайратын, шеберлігін және жеңіске деген жігерін таныта білді. Әрбір медаль – тынымсыз еңбектің, қажырлы дайындықтың және бапкерлердің кәсіби бағыт-бағдарының нәтижесі. Осы жетістікке үлес қосқан барлық бапкерлерге зор алғыс білдіреміз.
Қазығұрттың жас чемпиондары халықаралық аренада ауданымыздың абыройын биікке көтеріп, үлкен сенім мен қуаныш сыйлады.
Жас спортшыларымызды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!








