“АДАМҒА СЕНБЕ, АВТОМАТҚА СЕН….”

17


Соңғы кезде сот орындаушылары арасында өз-өзін “жарты патша” сезініп кеткендер пайда болды. “Майлы жілік” ұстаған сот орындаушылары тек, ақшалы жерде жұмыс істеп келді. Ал, тамыр-таныс, көке-жәкесі жоқтары бұйырған іспен айналысты. Енді олай болмайды… Парламентте мен сыйлайтын, ел сыйлайтын депутаттың бірі де, бірегейі Anas Ahatuly Bakkozhayev бастаған депутаттар жаңа заңды мақұлдады. Қуаныдым. Мәселе, былай. Әңгіме “Адамға сенбе, автоматқа сен!..” дегенге саяды. Сот орындаушыларының қарауына түсетін құжатты енді “адам бөлмейді, автомат бөледі” бұйыптса… Ол жөнінде Парламент депутаты Анас Баққожаевтың өзі былай дейді:

ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Бұған дейін жеке сот орындаушыларына атқарушылық құжаттар әртүрлі тәсілмен түсіп, тең бөлінбейтін еді. Кімнің майлы жерде тамыр-танысы бар солар көбірек тапсырыс алатын. Нәтижесінде кейбіреуі ақшаны күреп алып жүрді, енді бірі нанын таба алмай жұмысын тастап кетуге жақын қалды.

Сол себептен бүгінгі маңызды міндеттердің бірі – атқарушылық құжаттарды автоматтандырылған жүйе арқылы әділ, объективті және тең дәрежеде бөлу. Осыдан біраз уақыт бұрын «тапсырыс бөлісудің» жаңа моделі пилоттық жоба ретінде басталған еді. Жетістігі жаман емес. Оған әбден көзіміз жетті. Ендігі ретте соны заңға енгізіп, бүкіл Қазақстанға тарату болатын.

Алақай деп қоялық! Бүгін біз осыған қатысты түзетулерді қабылдадық және мен бұл толықтыруларды ұсынған авторларының бірі болдым. Сенат оны қолдап Президент қол қойса жеке сот орындаушылары істерді тек автоматтандырылған жүйе арқылы алады. Жүйе істерді әділ және біркелкі түрде бөліп, адами факторды барынша азайтады.

Сот орындаушыларына айтарым – бұл өте жақсы өзгеріс. Алайда жұмысыңыздың сапасын арттыру керек екенін естен шығармаған жөн!

Солай дейді ел мақтаған, жұрт жақтаған “Ауыл” партиясының айбынды да, ақжүрек депутаты Анас Ақатұлы бауырым.
Бәрекелд Анеке! “Адамға сенбе, автоматқа сен” қазіргі автоматтандыру саясатының оң жамбасына келетін секілді.

Ерсұлтан Әмірбек