АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Аудан әкімінің 2023 жылғы 20 қарашадағы №230 өкімімен, Сауран ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы тағайындалды. Аудан әкімі жаңа орынбасарды әкімдік активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Бөкебаев Бақытжан Кеңесбекұлы — 1970 жылдың 4 қаңтарында Түркістан қаласында дүниеге келген. 1998 жылы- Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик, технолог мамандығы бойынша аяқтаған. 2003 жылы -Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы- «Сауран» ғылыми өндірістік бірлестігінде лаборант болып бастаған. 1991-1992 ж.ж.- «Топырақ» кіші кәсіпорнының лаборанты.
1993 жылы «Сауран акционерлік қоғамының лаборанты. 1993-1995 ж.ж.- Түркістан қаласы творчестволық өндірістік фирмасының инженері. 1995-1997 ж.ж — Түркістан қалалық әкімшілігі инженерлік орталығының инженері. 1997 жылы -Шиелі жол жөндеу мекемесінде темір жол шебері. 1997-1999 ж.ж. -Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасының, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі. 2003-2005 ж.ж. -Түркістан қалалық жер кадастр бюросы, инженер- жерге орналастырушы. 2005-2006 -Түркістан қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маман міндетін атқарушы.
2006 жылы — Түркістан қаласының құрылыс бөлімінің бас маманы. 2006 жылы -Түркістан қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы. 2006- 2008 ж.ж. Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2008-2009 ж.ж.- Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру –бақылау секторының меңгерушісі. 2009 жылы — Түркістан қаласының жер қатынастары бөлімінің ұйымдастыру-бақылау секторының бас маманы.
2009- 2011 ж.ж. — Шорнақ ауыл округі әкім орынбасары.
2011-2023 ж.ж. — Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
Бақытжан Кеңесбекұлы, мәдениет, тілдерді дамыту денешынықтыру және спорт, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру салаларына жетекшілік етеді.
Бақытжан Кеңесбекұлы жаңа лауазымды қызметте сәттілік тілейміз!