ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

166

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес, Сауран ауданы әкімі аппаратының «Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімі басшысының у.м.а. Ляззат Халмуратова, Сауран ауданы Бабайқорған ауылдық округінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі , ғимараттың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары мен қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына қызмет көрсету сапасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, әкімдік ғимаратына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп- шығуына бейімдігі тексеріліп, бақыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағида талаптарына сәйкес, жүзеге асырылуына ішкі бақылау ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында Сауран ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі мерзімінде көрсетілуі жөнінде тиісті нұсқамалар берілді.

Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.