СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

223

Аудан әкімнің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында құрылған жұмысшы топ мүшелері аудан көлемінде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Бабайқорған, Оранғай ауылдық округтерінде болды. Олар аталмыш ауылдық округтердегі су қоймаларды, арық атыздарды, қашыртқыларды тексерді.

Жұмысшы топ мүшелері қысқы маусымға дайындық шараларын, су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүргізді. Сонымен қатар, аудан әкімінің төтенше жағдайдың алдын алу бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, ауылдық округтердің қысқы маусымға дайындығы, арық-атыздарды тазалау, кеңейту, құмдар мен қапшықтарды дайындау мәселелері пысықталды.