АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ЗАҢ БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ”

130

Ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев төрағалық етті.

Жиынның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар:

  1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы;
  2. Ордабасы ауданына қарасты ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі-талдау жүргізу нәтижелері туралы;
  3. Ордабасы ауданы аумағында орналасқан сібір жарасы ошақтарының қазіргі таңдағы жағдайлары туралы;
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша заңдылықтың, тәртіптік сақталуы және қабылданып жатқан шаралардың жай-күйі және ағымдағы жылда бюджеттен бөлінген қаржыларды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өткізілген сатып алуларды қалыптастыруға бөлінген бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану туралы.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы

аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов баяндама жасады. Оның айтуынша 2023 жылы 4 комиссия отырысы өткізіліп, аудандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін талдау, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шаралары талқыланып, тиісті хаттамалық тапсырмалар негізінен ішкі талдау жұмыстарын және мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу тапсырмасы берілген. Сондай-ақ барлық

10 ауыл әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын

2 тәуекел анықталған. Сонымен қатар

8 дербес бөлім тарапынан ішкі талдау өз мекеме басшысы тарапынан жүргізіліп ұсынылған.

Мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыру мақсатындағы оқуға 2023 жыл басынан бері бүгінгі таңға дейін 11 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарынан өткен.

Жалпы, аталған іс-шаралардың нәтижесінде бірқатар кемшіліктер орын алған. Олар бойынша нақты ұсыныстар айтылып, тиісті жұмыстар жандандырылатын болды.

Жиынды аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы қорытындылап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру әрбір азаматтың борышы, әр бөлім басшысы, ауыл әкімі өзі басқаратын ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуі тиіс екенін айтты. Сондай-ақ халық мүддесіне бағытталған әрбір қаражат ел игілігі жолында жұмсалуы қажет екенін тілге тиек етті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі