ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 4 МЫҢ ТОННА АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

139

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендерді аралау барысында кәсіпорындардың жағдайын бақылады. Жауаптылармен бірге «Gold Aluminum» ЖШС-ға арнайы барып, өндіріс барысымен танысты. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын жыл сайын 4 мың тонна алюминий профильдері мен қорытпаларын шығарады. Жергілікті тауарлардың дені ішкі нарыққа сатылып, қалғаны шетелдерге экспортталады. Мұнда қазір 145 адам жұмыс істеуде.

Қала басшысы өндірістің толық циклі іске қосылған еліміздегі жалғыз тоқыма комбинаты «AZALA Textile» ЖШС-да болып, тоқыма өнімдерімен танысты. Өткен жылы мұнда 7,5 млрд теңге сомасында өнім өндіріліп, тең жартысы жақын шет елдерге экспортталған. Комбинаттың барлық тауары ұлттық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған.

Аралау барысында Ғабит Әбдімәжитұлы кәсіпкерлердің бірқатар ұсыныстарын қарастырып, мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі