ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРДІ ҚАЙТА АТАУ ЖӘНЕ МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
2024 жылға Шымкент қаласында көше атауларын жаңарту және тарихи-мәдени нысандарды қорғау бағытында бірқатар маңызды жұмыстар жоспарланған. Бұл жобалар қаланың көркін жаңартып қана қоймай, оның тарихи және мәдени мұраларын сақтау мақсатында қолға алынып отыр.
2024 жылдың наурыз айында Шымкент қаласы бойынша 3513 көшеге жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 281 көшенің атауы жоқ, ал 84 көшенің атауы қайталанатыны анықталды. Бұл мәселені шешу үшін «Дәстүрлі атаулар» мен «Жер-су атаулары» тізімінен жаңа атаулар ұсынылып, қайталанатын көшелерге жаңа атаулар беру жұмыстары қолға алынуда.
Қала көшелеріне жаңа тақтайшалар орнату қажеттілігі де назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда Абай, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы 17 866 үйге жаңа үлгідегі тақтайшалар орнату үшін ұсыныстар енгізілді.
Шымкент қаласы тарихи-мәдени мұраларға бай өңір болып саналады. Қала аумағында 180-ге жуық тарихи-мәдени нысан тіркелген, олардың ішінде 30 археологиялық ескерткіш, 121 монументтік өнер құрылысы, 11 сәулет ескерткіші және 2 киелі орын бар. Жергілікті билік аталған нысандарды қорғау аймақтарын анықтап, оларды мемлекеттік тізімге енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде тарихи-мәдени мұралар жинағы басылып шығарылады.
Сонымен қатар, Тоғыс тұрғын алабында орналасқан 350 орындық «Қазығұрт» мәдениет үйі жеке меншіктен мемлекетке ақысыз қайтарылып, қайта жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Бұл ауқымды жобалар Шымкент қаласының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мен жаңғыртуға үлкен серпін береді. Қала көшелеріне жаңа тақтайшалар орнату қажеттілігі де назардан тыс қалмады. Қазіргі таңда Абай, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы 17 866 үйге жаңа үлгідегі тақтайшалар орнату үшін ұсыныстар енгізілді.