КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮҒА ҮЛЕС ҚОСАМЫЗ

44

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына аранаған Жолдауын ықыласпен тыңдады. Президентіміз қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті сұрақтардың шешу жолдарын айқындап берді. Жолдауда азаматтарымыздың тұрмыс-ахуалын арттыруға, әр сала еңбеккерлерінің жалақысын заман талабына сай көтеруге бағытталған әлеуметтік шаралар легі де тастүйін белгіленген. Президент: «Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру» деп атап өтті Жолдауда.

Сонымен қатар әріптестеріміз Мемлекет басшысының білім және ғылым саласын қолдауға қатысты берген тапсырмаларын қуана қабылдады.  Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру өте маңызды екеніне тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, ең алдымен, су, энергетика, құрылыс, көлік-логистика және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керектігін атап өтті. Бұл еліміздің осы саладағы жоғары білім мен ғылым ісіне үлкен серпіліс әкелері сөзсіз. Президент баса назар аударған отын-энергетика салаларында ЕҰУ-дың көлік-энергетика факультеті ғалымдарының айтарлықтай жетістіктері бар, олар бұл бағыттағы ғылыми ізденістерін жалғастырып,  энергетикамен қатар көлік-логистика саласына да өзіндік үлестерін қосуға әзір.

Мемлекет басшысының елімізде атом электр энергетикасын арттыру  туралы ұсынысы да Қазақстан жоғары білімі саласына елеулі серпіліс беріп, нәтижесінде атом энергетикасы саласына лайықты мамандар легі даярланады деген сенімдеміз.

 

Өміржан ҚОҚАЕВ,

ЕҰУ көлік-энергетика факультетінің деканы