ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ

16

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастыруымен 2025 жылдың 28 қаңтарында Шымкент қаласының прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, медициналық ұйымдардың қызметкерлерімен бірге дәрілік заттардың, оның ішінде есірткі және психотроптық заттар айналымы саласында қатысты мәселелер бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыс нәтижесімен есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың айналымын, халық арасында нашақорлық пен нашақорлық бизнесінің алдын алуы мақсатында медициналық ұйымдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Амбулаториялық, стационарлық деңгейде медициналық ұйымдар есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына сәйкес пайдалану қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, қызғылт түсті арнайы рецептуралық бланкілерінің есепке алынуы, ревизиялану және сақталуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-112 бұйрығына (бұдан әрі – №112 бұйрық) сәйкес жүргізілу керектігі атап өтілді. №112 бұйрыққа сәйкес арнайы рецептуралық бланкілерге медициналық ұйымның бірінші басшысы жауапты болатыны баяндалды.