Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 18 жоба іске аспақ

715

Халық тұтынатын электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі басқарма басшысының есебін тыңдау барысында атап өтті.

Шымкент қаласында тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша биыл 18 жоба қолға алынып, іске асырылуда. Оның ішінде 15 тұрғын алап пен шағын ауданда электр жүйелерін жаңарту жұмыстары көзделіп, 3 қосалқы станцияның құрылыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде биыл 21 мыңнан астам адам тұтынатын электр қуатының сапасы артады.

Табиғи газбен қамту бойынша 7 жобаның құрылысы қарқынды түрде атқарылуда. Оның ішінде 2 магистралды жүйелер мен бес шағын ауданды газбен қамту жұмыстары атқарылып отыр. Оған қосымша 12 жобаның құрылысы 2022 жылға өтпелі.